Жұмыс уақытында құмар ойын ойнаған шенеуніктер қызметінен босатылды
Түркістан облысы Сарыағаш ауданының прокуратурасы жұмыс уақытында құмар ойындар ойнаған мемлекеттік қызметкерлерді анықтаған,-деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Салдарынан 4 қызметкер лауазымынан айырылған.
Түркістан облысы Сарыағаш ауданының прокуратурасы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңнама талаптарын, қызметтік тәртіпті және мемлекеттік қызметшілерге қойылатын шектеулерді сақтауына талдау жүргізген.
Талдау нәтижесінде мемлекеттік органдар қызметкерлерінің жұмыс уақытында құмар ойындарға қатысу фактілері анықталған.
Қаз
Рус






