Жұмыс уақытында құмар ойын ойнаған шенеуніктер қызметінен босатылды

1 582

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Иллюстрациялық фото: Рexels.comТүркістан облысы Сарыағаш ауданының прокуратурасы жұмыс уақытында құмар ойындар ойнаған мемлекеттік қызметкерлерді анықтаған,-деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі. 

Салдарынан 4 қызметкер лауазымынан айырылған.

Түркістан облысы Сарыағаш ауданының прокуратурасы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңнама талаптарын, қызметтік тәртіпті және мемлекеттік қызметшілерге қойылатын шектеулерді сақтауына талдау жүргізген. 

Талдау нәтижесінде мемлекеттік органдар қызметкерлерінің жұмыс уақытында құмар ойындарға қатысу фактілері анықталған.

"Аталған әрекеттер мемлекеттік қызмет қағидаттарына, қызметтік әдеп талаптарына қайшы келеді және мемлекеттік органдардың беделіне нұқсан келтіреді. Анықталған заң бұзушылықтар бойынша прокуратура тарапынан прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, оны қарау нәтижесінде мемлекеттік органдардың 4 қызметкері атқарып отырған лауазымдарынан босатылды", - деп хабарлады Түркістан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.