ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫ ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНДА

1 501

Фото: Жаңақорған ауданыЖаңақорған жұртшылығы бүгінде жылыжай шаруашылығына бейімделе бастады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Жыл он екі ай жұмыс істеп, екі маусымда өнім алатын кәсіпкерлерге де мемлекеттен көрсетілетін қолдаулар көп.

Жаңақорған кентінің тұрғыны Айымбетов Наурызбек өткен жылы «Ауыл аманаты» жобасымен 2,5 пайызбен 4 млн теңге жеңілдетілген несие алып, жылыжай кәсібін бастаған.

Бүгін іс сапармен ауданға келген ҚР Мәжіліс депутаттары Мархабат Жайымбетов пен Мұрат Ергешбаев жас кәсіпкермен тілдесіп, жұмысымен танысты.

Өзім жылыжайдың ісін қияр егумен бастадым. Осы кәсіптің көзін тапқан шаруалармен жиі кездесіп, пікірлестім, ой бөлістім. Жалпы осы сала жақын болды. Себебі кішкене кезімізден ата-анаммен есік алдында егін ектік. Ойлана келе осы жылыжайды бастап кеттім. Жеңілдетілген несие алып, жылыжайымды үлкейте түстім, – деді Наурызбек Жұмабайұлы.

Ең алдымен қияр егумен бастаған Наурызбек жылыжайын кеңейткен соң қызанақ егуді де бастаған. Бүгінде алғашқы өнімнен 9 тонна қияр, 7 тонна қызанақ алып отыр. Бұл өнімдерді кенттегі шағын дүкендер мен ірі сауда орталықтарына сатуда. Наурызбектің айтуынша, алдағы уақытта осындай мемлекеттік бағдарлама арқылы қолдау болса егістік жер алып, жылыжай ісін кеңейтпекші.