Назарбаев әулеті заңсыз жер иемденсе, ол мемлекетке қайтарылмақ

217
Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев заңсыз алынған жер телімдері тегіне қарамастан, барлық адамнан бірдей тәркіленетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Үкімет кулуарында ҚР Тұңғыш президенті туралы заң күшінің жойылуы жөніндегі журналистер сұрағына жауап берген Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Назарбаев әулеті мүшелерінің меншігінде заңсыз алынған жер телімдері бар екені анықталса, ол жерлерге не болатынын нақтылады.

Негізі, тегі, өзі кім болса да, мұның бізге қатысы жоқ. Біз барлық жерді тексереміз. Егер жерді тиімсіз пайдалану, заңсыз жеке меншікке беру фактілері болса, әрине, біз бұл учаскелерді міндетті түрде тексеріп, мемлекетке қайтарамыз, - ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.