Құны 280 миллион теңгеге жуық дәрі-дәрмек қолданыстан шығарылды

1 520

Фото: depositphotos.comҚұны 279,5 миллион теңге тұратын дәрі-дәрмек қолданыстан шығарылды. Себебі, мерзімі өтіп кеткен, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Бірыңғай дистрибьютор жүйесінде сатып алуды сапасыз жоспарлау салдарынан медициналық ұйымдардың сатып алынған препараттардан бас тартуы жағдайы тіркелді.


Бұл заң бұзушылықты Жоғары аудиторлық палата анықтады.


Мемлекеттік реттеу тіркелмеген дәрі-дәрмектердің бағасын қамтымайды, салдарынан дәрі-дәрмектер өндіруші зауыт бағасынан 2000%-на дейін үстеме бағамен сатылған.


«Денсаулық сақтау министрлігі шекті бағаларды қалыптастыру әдістемесін бағаны жүздеген пайызға көтеруге болатындай етіп әзірлеген. Қате баға белгілеудің себебі осы», - деді жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.