Ер адам ұлын бауыздап өлтірді деген күдікке ілінді

1 558

Шымкентте әйел үйден ұлының қанға бөккен денесін тауып алды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Басқа да басылым мәліметінше, әкесі ұлын бауыздап тастаған. Аталмыш оқиға  1 желтоқсан күні таңертең орын алған.

"Қаратау ауданындағы оқиға орнында жедел-тергеу тобы бауыздалған 28 жастағы азаматтың мәйітін тапты. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері ауыр қылмыс жасаған қылмыскерді анықтау және ұстауға бағытталған барлық қажетті шараларды қолдануда", – деп хабарлады Шымкент қалалық ІІБ.


Күдікті психиатрлық есепте тұр.


ҚК-нің 99-бабы "Адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.