Қайын әпкесіне сәлем салмаған келіннің ісі сотта қаралды

1 548

Фото: healthymind.byЖамбыл облысы Жуалы ауданында үйлену тойынан кейін ерлі-зайыптылар арасында туындаған жанжал сотқа дейін жетті,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Тойда ер адам жұбайынан үлкен әпкесіне сәлем салуды талап еткен, алайда әйелі бұл ұсыныстан бас тартқан. Үйге оралғаннан кейін күйеуі әйелінің әрекетіне наразы болып, оған балағат сөздер айтқан.

Әйелдің айтуынша, күйеуі ашу үстінде қайын енесіне қоңырау шалып, “қызың мен немерелеріңді алып кет” деп дөрекі түрде тіл қатқан.

Аталған факті бойынша Жуалы аудандық соты ӘҚБтК-нің 73-бабы 1-бөлігі — “Отбасылық-тұрмыстық қатынастардағы былапыт сөздер” бойынша істі қарады.

Сотта азамат кінәсін толық мойындап, әйелінен кешірім сұрады. Ерлі-зайыптылар медиация тәртібімен татуласқанын айтып, істі тоқтатуды сұрады. Сот тараптардың татуласуына байланысты әкімшілік істі тоқтатты. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.