Итін өлтіріп, иесін сабаған тұрғын сотталды
Жетісу облысы Текелі қалалық соты денсаулыққа жеңіл зиян келтіру және жануарларға қатыгездік таныту бойынша айыпталған 3 адамға қатысты қылмыстық істі қарады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Нәтижесінде ер азамат 1 жылға бас бостандығынан айырылды.
Жетісу облысы, Текелі қалалық сотының мәліметіне сүйенсек, оқиға қыркүйек айында Текелі қаласында болған. Үш азамат ішімдік ішуге жиналған. Жолда тағы бір таныстарын кезіктіріп, қатарларына қосып алған. Дастархан басында өзара жанжал шығып, бір адам жарақат алады.
Қаз
Рус






