"Атаулы әлеуметтік көмек алған 100,4 мың отбасы кедейлік жағдайынан шықты" - министрлік

419

Былтыр атаулы әлеуметтік көмек алған (АӘК) 100,4 мың отбасы мемлекеттік қолдау шараларының арқасында 2023 жылы кедейлік жағдайынан шықты,  - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.


2022 жылы АӘК алушылар саны 141,5 мың отбасын (728,7 мың адам) құрады, осы жылдың 1 тамызында 102,7 мың отбасы (538,9 мың адам) атаулы әлеуметтік көмек алды.


"Қабылданған шаралардың, әсіресе жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту нәтижесінде 2022 жылы атаулы әлеуметтік көмек алған 141,5 мың отбасыдан өз өмірін қалыпқа келтіру үшін берілген мүмкіндікті сәтті пайдаланған 100,4 мың отбасы кедейлік жағдайынан шықты", - делінген хабарламада.


Өңірлер арасында АӘК алушылардың ең көбі Түркістан облысында – 25,1 мың отбасы немесе 24,4%, Шымкент қаласында – 11,1 мың отбасы немесе 10,8%, Қызылорда облысында – 8,8 мың отбасы немесе 8,6%, Алматы облысында – 8,6 мың отбасы немесе 8,4%, Жамбыл облысында – 7,2 мың отбасы немесе 7%, Жетісу облысында – 6,2 мың отбасы немесе 6% тіркелген.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.