Бопсалау айыбы: екі блогер 9 жылға сотталды
Алматыда алқабилердің қатысуымен өткен сот блогерлер Дамир Күшеев пен Руслан Каримовты "бопсалау" айыбы бойынша тоғыз жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Үкім жарияланғаннан кейін сотталған блогер Дамир Күшеев алқабилерге қарап сөз сөйлеген.
Үкім 19- шы ақпан күні кешке қарай жарияланған.
Дамир Күшеевтің жақтастары бұл қылмыстық іс елеулі сұрақтар туғызатынын және құқықбұзушылықтар мен жемқорлық мәселелерін ашық көтеріп жүрген қоғамдық белсендіге қысым болуы мүмкін екенін айтқан.
Қаз
Рус






