Бопсалау айыбы: екі блогер 9 жылға сотталды

1 514

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Stan.kz / Дамир Күшеев және Руслан КаримовАлматыда алқабилердің қатысуымен өткен сот блогерлер Дамир Күшеев пен Руслан Каримовты "бопсалау" айыбы бойынша тоғыз жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Үкім жарияланғаннан кейін сотталған блогер Дамир Күшеев алқабилерге қарап сөз сөйлеген.

"Ұят сіздерге. Бар үміт сіздерде еді, жазықсыз адамдарды ақтайды деп сендік. Тергеу дәлелдей алмады, бірақ ақыры бізді соттады. Біз қылмыс жасаған жоқпыз, бірақ бізге жаза тағайындалды", – деді Дамир Күшеев соңғы сөзін айтып.

Үкім 19- шы ақпан күні кешке қарай жарияланған.

Дамир Күшеевтің жақтастары бұл қылмыстық іс елеулі сұрақтар туғызатынын және құқықбұзушылықтар мен жемқорлық мәселелерін ашық көтеріп жүрген қоғамдық белсендіге қысым болуы мүмкін екенін айтқан.



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.