Қызылорда темір жол станциясында ер адамды пойыз қағып кетті

886
Қызылордадағы темір жол станциясында жүріп бара жатқан пойыз ер адамды қағып кетті, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Көліктегі полиция департаментінің хабарлауынша, 5 ақпанда
аталған дерек Қызылорда станциясындағы желілік полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген.

Қылмыстық кодекстің 344-бабы 2 бөлігі («Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы немесе темір жол көлігін пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу») бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының талаптарына сәйкес, өзге ақпарат тергеп-тексеру мүддесіне орай жария етілмейді.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.