Әкім 3 жасар қызды зорлады деген күдікке ілінді
Ақтөбе облысының ауылының тұрғыны 3 жасар қызын туысқан ағасы зорлағанын айтып шағымданған. “Немолчи” қорының басшысы Дина Таңсәрі әлеуметтік желіде осы жағдай туралы айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Анасының айтуынша, 3 жасар қызы туыстарының үйіне барған. Үйге оралған соң үлкен ағасы оған қысым жасағанын айтқан. Анасы бірден баланы ауруханаға апарған. Дәрігер зақым келгенін мәлімдеген екен.
Кей деректерге сәйкес күдікті ішкі істер органдарында қызмет еткеннен кейін Қобды ауданының ауылдық округінің әкімі болып жұмыс істеп үлгерген.
Сөзінше, кішкентай қыз психологиялық соққы алып, үркіп қалған.