Талдықорғанда 53 жастағы әйелді зорлаған күдікті ұсталды

330

Талдықорғанда 53 жастағы әйелді зорлап, қашып кеткен күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Жетісу полицейлері Талдықорған қаласындағы қонақ үйлердің бірінің 53 жастағы қызметкерін зорлады деген күдікпен іздеуде жүрген, бұрын сотталған ер адамды ұстады.

Күдікті Алматы қаласында ұсталып, қамауға алынды.

Жәбірленушінің арызы 28 қазан күні қалалық полицияға келіп түскен.

Белгілі болғандай, жергілікті қонақ үйде жұмыс істейтін 53 жастағы әйелді қонақ үй бөлмесінің бірінде тұрған белгісіз адам зорлап кеткен.
Оқиға орнынан қашып кеткен еркек - 35 жастағы Алакөл ауданының тұрғыны болып шықты.

Полиция қызметкерлері ер адамның жеке басын қонақ үйде орнатылған бейнебақылау камералары арқылы анықтады.

"Күдікті бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылып, жазасын өтеген. Жедел-іздестіру шаралары барысында Алматы қаласының аумағында жасырынып, іздеуде жүрген ер адамның мекенжайы анықталды. Қазіргі уақытта күдікті Талдықорған қаласына жеткізіліп, қамауға алынды", – деп хабарлады қалалық полиция.

Тергеу ҚР ҚК 120-бабы (Зорлау) және 121-бабы бойынша жүріп жатыр.

Тергеу барысында ұсталған күдіктінің басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріледі.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.