Еңбек қауіпсіздігі мен туризмді дамыту мәселелері қаралды

1 485

Фото: Сырдария аудан әкімдігіАудан әкімі Шаған ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның жөндеу жұмысымен танысты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Шаған ауылындағы дәрігерлік амбулаторияда жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстары аудан әкімінің тікелей бақылауында. Жуырда аудан әкімі Берік Сәрменбаев нысанда болып, құрылыс барысымен танысты. Жұмыс сапары барысында мердігер ұйым өкілдерімен кездесіп, атқарылып жатқан жұмыстардың қарқыны мен сапасына ерекше назар аударды.


Аудан басшысы облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың қолдауы арқасында ауыл тұрғындарына қызмет көрсететін бұл маңызды медициналық нысанның қайта жаңғыртылып жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, жаңартылған амбулатория ауыл тұрғындарының өмір сапасын жақсартып, медициналық қызметтің қолжетімділігі мен сапасын арттырады.


Айта кетейік, аталған ғимаратты күрделі жөндеуден өткізу үшін облыстық бюджеттен 328 миллион теңге қаражат бөлінген. Бүгінде амбулаторияда ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Сонымен қатар, инженерлік желілер жаңартылып, жылу жүйесі жетілдірілуде. Есік-терезелер ауыстырылып, санитарлық тораптар да заман талабына сай жөндеуден өтуде.


Жаңартылған медициналық мекеме ауыл тұрғындарының денсаулығын жақсартуға елеулі үлес қосады деп күтілуде.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.