Нұр-Сұлтандағы ДУИС қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр

349

Фото: pixabay.comНұр-Сұлтан қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 
Ведомство өзіндік қауіпсіздік департаментінің еліміздің түрлі өңірлерінде жүргізген тергеу әрекеттеріне қатысты ақпаратты ресми түрде растады. 


Осыған байланысты Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖД лауазымды тұлғаларына, сондай-ақ Қостанай және Жамбыл облыстары Полиция департаменттерінің тергеу бөлімшелерінің орта буын басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеулер жүргізіліп жатқаны хабарланды. 
шкі істер министрлігі осы аталған фактілер бойынша толық ақпарат қазіргі уақытта тергеу аясында жарияланбайтынын мәлімдеді. 


Алайда, ведомство жүргізіліп жатқан реформаларға сәйкес өз қатарындағы заңдылықты сақтау, бұзушылықтарды жою және мемлекеттік қызметке кір келтіретін кез келген іс-қимылдың жолын кесу жөніндегі жүйелі шараларды іске асыруды жалғастырып жатқанын айтты. 


"Ел басшылығы ІІМ алдына сыб
йлас жемқорлықты жою және полиция қатарында тәртіп орнату бойынша міндет қойған кезде, олардың орындалмайтындығы туралы пессимистік болжамдар айтылды. Бірақ бүгінгі таңда жұмыс нәтижелерін беруде: парақорлық фактілері екі есе, сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылықтар үштен бірге азайды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда ағымдағы жылдың төрт айындағы деректер. Бұл жұмыс халықтың сенім деңгейін арттыру және азаматтардың полицияға деген сенімін қайтару үшін жалғасатын болады" , - деп атап өтті министр Ерлан Тұрғымбаев. 


Ведомство басшысының тапсырмасы бойынша қызметкерлердің сыбайлас
жемқорлыққа қарсы иммунитетін арттыруға, осындай құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жол бермеуге баса назар аударылады.