"Қазақ сыныптары жабылуда"

330
Журналист Эльмира Каленова желіде Петропавлдағы 21-ші мектепте қазақ сыныптары жабылып, оқушылар таратылып жатқанын хабарлады. Оның айтуынша, аталған мектеп орналасқан шағын ауданда бұдан басқа қазақ мектебі жоқ. Қалалық білім басқармасы желіде тараған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді. 

Журналист Эльмира Каленова желіде Петропавлдағы 21-ші мектепте қазақ сыныптары жабылып, оқушылар таратылып жатқанын хабарлады.

"Қалалық білім бөлімінің мамандары ата-аналарға ол мектепте сапалы білім жоқ екенін, балалардың болашағын ойласа басқа жерде оқыту керектігін айтыпты. Аталған шағын ауданда басқа қазақ мектебі жоқ. Оқушыларға «Берекедегі» 25-ші мектепке бару ұсынылыпты. Кей ауданның тұрғындары ол жаққа қатынау үшін екі рет автобусқа мінеді.

 Иә. Сапалы біліммен қамтамасыз етудің орнына сыныптарды жабу жеңілірек. Бұл түрімізбен қашан қазақ боламыз? Оқу жылының басталуына санаулы күндер қалғанда жұмыссыз қалған мұғалімдер қайда бармақ? Білім бөліміндегілер қит етсе қазақ сыныптарын жабамыз дегенді қашан қояды?", - дейді ол.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.