Қар жауады: Қазгидромет мамандары ауа райы болжамын жариялады

458

Синоптиктер елімізде алдағы 14-16 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады-, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

жаңбыр


Синоптиктердің мәліметінше, елде күзгі салқын ауа райы әлі де сақталады.


Қазақстанның солтүстік жартысына әлі де Солтүстік-батыс суық антициклоны әсер етеді. Салдарынан республиканың батысында, солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен жаңбыр сақталады. 

Еліміздің шығысы мен оңтүстік-шығысының таулы аудандарында түнде жаңбырдың соңы қарға ұласуы мүмкін. 15 қыркүйекте қараған түні шығыста қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. Республика бойынша жел күшейеді.

15-16 қыркүйекте республиканың оңтүстік-шығысының таулы аудандарында, солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта, шығыста 5 градусқа дейін үсік күтіледі.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.