Бас эколог 10 миллион теңге пара алып жатқан жерінен ұсталды
1 677
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері Шығыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті басшысының міндетін атқарушы Мамай Бұтабаевты ұстады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желіде оның келісілген 180 миллион теңгенің 10 миллион теңгесін алып жатқан жерінде ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды.
Антикор қамауға алынғаны туралы ақпаратты растады.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында Шығыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті басшысының міндетін атқарушының уақытша қамауға алынғанын растайды», - деп хабарлады ведомство.
Тағы да оқыңыздар

Ұлт мүддесі-домбыра
1 512
Қаз
Рус





