Елімізде тұрғын үйді сақтандыру міндеттелуі мүмкін

1 265

Фото: shutterstock.comҚазақстанда жұрт көп жиналатын нысандар мен үйді сақтандыру міндеттелуі мүмкін. Бұл туралы ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Ерлан Төрегелдиев айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Оның айтуынша, бүгінде ТЖМ бастамасы бойынша "Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына тұрғын үйді міндетті түрде сақтандыру нормасы енгізіледі.


"Бүгінде заң жобасы Мәжілісте қаралып жатыр. 2028 жылға дейін сақтандырудың осы түрін толық енгіземіз деп жоспарлап отырмыз. Қазір заң аясында ең алдымен (міндетті сақтандыруды) жұрт көп жиналатын нысандар мен көпқабатты ғимараттарға енгіземіз. Заң күшіне енсе, (сақтандыруды) басқа нысандарға біртіндеп енгізетін боламыз", - деді Ерлан Төрегелдиев ТЖМ-де өткен баспасөз мәслихатында.




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.