Ұшақ апатын тергеу қай елдің құзыретінде болатыны белгілі болды
Үкімет басшысының орынбасары Қанат Бозымбаев Ақтау маңындағы әуе апатын тергеу жұмыстары Қазақстан юрисдикциясында екенін және Бас прокурордың қатаң бақылауында болатынын айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Қазіргі уақытта тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабының 3-бөлігі — «Көлік құралдарын пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу, адамдардың өліміне әкелу» бабы бойынша жүргізілуде. Оқиға орнында тергеушілер, криминалистер және авиация саласының мамандары жұмыс істеп жатыр. Куәгерлерден жауап алынып, қажетті сараптамалар тағайындалуда.
Қаз
Рус






