Ағаш түбіндегі ыдыстан 24 миллион теңге табылды
Павлодарда полицейлер қаладағы кәсіпорындардың бірінде жасалған ірі ұрлықтың бетін ашты. Ұрланған ақшаның жалпы сомасы 24 миллион теңге болды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Ұрлыққа ЖШС күзетшісінің қатысы бар болып шықты. Полицейлер ұрланған 24 миллион теңгені бау-бақша серіктестіктерінің бірінен тапты. Ақша алма ағашы түбіндегі кастрөлдің ішіне жасырылған.
«Күдікті ұсталып, Павлодар полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тәркіленген ақша қаражаты қылмыстық іс материалдарына заттай дәлелдеме ретінде тіркелді», - деп хабарлады Павлодар полиция басқармасының бастығы Балғабай Қапаров.
Тергеу амалдары жалғасып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Қаз
Рус






