Ағаш түбіндегі ыдыстан 24 миллион теңге табылды

1 503

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: instagram kaz.tengrinewsПавлодарда полицейлер қаладағы кәсіпорындардың бірінде жасалған ірі ұрлықтың бетін ашты. Ұрланған ақшаның жалпы сомасы 24 миллион теңге болды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Ұрлыққа ЖШС күзетшісінің қатысы бар болып шықты. Полицейлер ұрланған 24 миллион теңгені бау-бақша серіктестіктерінің бірінен тапты. Ақша алма ағашы түбіндегі кастрөлдің ішіне жасырылған.

«Күдікті ұсталып, Павлодар полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тәркіленген ақша қаражаты қылмыстық іс материалдарына заттай дәлелдеме ретінде тіркелді», - деп хабарлады Павлодар полиция басқармасының бастығы Балғабай Қапаров.

Тергеу амалдары жалғасып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.