Шенеуніктерге iPhone телефондарын пайдалануға тыйым салынды
Қытайда мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне iPhone телефондары мен басқа да шетелде жасалған құрылғыларды жұмысқа пайдалануға, сондай-ақ кеңсеге әкелуге тыйым салынды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі The Wall Streer Journal басылымы сілтеме жасап.
Соңғы жылдары Қытай деректер қауіпсіздігіне ерекше назар аударып, корпоративтік компаниялар мен мемлекеттік органдарға қатысты тиісті ережелер мен жаңа талаптарды енгізуде.
Басылымның хабарлауынша, Пекин бірнеше жылдан бері кейбір департаменттерде iPhone-ды пайдалануға шектеу қойып келеді.
Қытай бұл тыйымды Вашингтон мен Бейжің арасындағы шиеленіс күшейген кезде енгізді.
Мемлекеттік кеңселерде шетелдік бренд телефондарына тыйым салу АҚШ-тағы шектеулерге ұқсас. Мысалы, Нью-Йорк қаласында үкіметтік құрылғыларда TikTok-қа тыйым салынған болатын.