ИНТЕРНАЦИОНАЛИСТ-ЖАУЫНГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
112

Шара барысында қала әкімі аппаратының басшысы Берлібек Ахмет қоғамдық бірлестік ардагерлеріне мерекелік төсбелгілер мен ұйымның куәліктерін табыстап, құрмет көрсетті.
- Сіздердің қызметтік борыштарыңызды атқару үстінде көрсеткен батылдықтарыңыз бен жанқиярлықтарыңыз, интернационалдық парызға адалдықтарыңыз, сондай–ақ мемлекет мүддесін қорғау кезінде жасаған ерліктеріңіз шын мәнінде елге – мұра, ұрпаққа - өнеге. Сондықтан да өздеріңізді әрқашан ұлықтап, құрметтеу біздің міндетіміз. Әрқашан егемен еліміздің ертеңі саналатын жас буынды тәрбиелеу жолында аянбай еңбек ете беріңіздер! – деді қала әкімі аппаратының басшысы.

Қоғамдық бірлестіктің негізгі мақсаты - жастарға ұлттық рух пен патриотизмді, әрі ерліктің ерен үлгісін көрсеткен ата-бабаларымыздың, оның ішінде интернационалист жауынгерлердің жүріп өткен жолдарын насихаттау, сондай-ақ жастардың Қарулы Күштер қатарында борышын өтеуге деген ынтасын арттыру болып табылады.
