ИНТЕРНАЦИОНАЛИСТ-ЖАУЫНГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

116

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Бүгін қала әкімі аппаратының басшысы Берлібек Ахметтің төрағалығымен «Германиядағы Кеңес әскерінің тобы-Әскердің батыс тобы АРДАГЕРЛЕР» қоғамдық бірлестігі ардагерлерінің қатысуымен жиын өтті,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Шара барысында қала әкімі аппаратының басшысы Берлібек Ахмет қоғамдық бірлестік ардагерлеріне мерекелік төсбелгілер мен ұйымның куәліктерін табыстап, құрмет көрсетті.

- Сіздердің қызметтік борыштарыңызды атқару үстінде көрсеткен батылдықтарыңыз бен жанқиярлықтарыңыз, интернационалдық парызға адалдықтарыңыз, сондай–ақ мемлекет мүддесін қорғау кезінде жасаған ерліктеріңіз  шын мәнінде елге – мұра, ұрпаққа - өнеге. Сондықтан да өздеріңізді әрқашан ұлықтап, құрметтеу біздің міндетіміз. Әрқашан егемен еліміздің ертеңі саналатын жас буынды тәрбиелеу жолында аянбай еңбек ете беріңіздер! – деді қала әкімі аппаратының басшысы.
Айта кету керек, биыл елімізде алғашқы рет «Германиядағы Кеңес әскерлерінің тобы» қатарында азаматтық борыштарын өтеген ардагерлердің республикалық қоғамдық бірлестігі құрылды. Біздің өңірде де бірлестіктің облыстағы филиалы өз қызметін бастады. 

Қоғамдық бірлестіктің негізгі мақсаты - жастарға ұлттық рух пен патриотизмді, әрі ерліктің ерен үлгісін көрсеткен ата-бабаларымыздың, оның ішінде интернационалист жауынгерлердің жүріп өткен жолдарын насихаттау, сондай-ақ жастардың Қарулы Күштер қатарында борышын өтеуге деген ынтасын арттыру болып табылады.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.