53 келіден астам есірткі заңсыз айналымнан жойылды
Павлодар облысында қылмыстық істер аясында тәркіленген есірткі құралдары мен прекурсорлар жойылды,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі kazlenta.kz сайтына сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлері прокуратура өкілдерімен бірлесіп, бұрын заттай дәлелдеме ретінде танылған тыйым салынған заттарды толықтай жою жұмыстарын жүргізді. Арнайы рәсім алдында барлық айғақтар мұқият тексеріліп, тіркеуден өтті. Олардың қатарында мөрленген қораптар мен конверттерге салынған есірткі заттары, оларды дайындауға және тұтынуға арналған құралдар, түрлі химиялық құрамдар, сондай-ақ тыйым салынған заттарды өндіруге қолданылатын прекурсорлар болған. Мамандардың айтуынша, бұл заттардың барлығы жедел-іздестіру іс-шаралары барысында, жеке тінту және арнайы операциялар кезінде, соның ішінде заңсыз есірткі зертханаларын жою кезінде тәркіленген. Әрбір дерек бойынша қылмыстық істер қозғалып, сотта қаралып, тиісті шешімдер қабылданған.
Аталған заттардың барлығы жедел-іздестіру іс-шаралары, жеке тінту мен тінту барысында, сондай-ақ есірткі зертханаларын жою кезінде тәркіленген. Барлық деректер бойынша қылмыстық істер сотта қаралып, тиісті шешімдер қабылданды. Жалпы 12 қылмыстық іс аясында өсімдік және синтетикалық текті есірткі құралдарының 51 нысаны жойылды. Олардың барлығы қажетті сараптамалардан өтті. Жою жұмыстары сот шешімдері мен тергеу органдары актілерінің негізінде қатаң түрде жүргізілді, — деді полиция өкілі Арсен Айғазин.
Жою рәсімі қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтай отырып, арнайы орындарда жүзеге асырылды. Құқық қорғау органдары мұндай шаралар заңсыз айналымдағы есірткінің таралуына тосқауыл қоюға бағытталғанын атап өтті. Сонымен қатар полиция азаматтарды есірткінің заңсыз айналымына қатысты кез келген ақпаратты жасырмай, дер кезінде хабарлауға шақырады. Мұндай мәліметтер құқық бұзушылықтардың алдын алуға және адам өмірін сақтап қалуға ықпал етуі мүмкін. Есірткі притондары, заңсыз сату орындары немесе бұл әрекетке өзге тұлғаларды, әсіресе кәмелетке толмағандарды тартатын адамдар туралы мәліметтерді "102" нөміріне хабарлауға болады. Есірткіге байланысты қылмыстар үшін заңнамада қатаң жаза қарастырылған — кінәлі тұлғалар ұзақ мерзімге, тіпті өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.







