Әлем аруы байқауына Қазақстан атынан шыққан арудың киімі қызу талқыға түсті
Miss Grand International байқауына Қазақстанның атынан қатысқан қатысушы қыздың сахнаға киіп шыққан образы жұрттың сынына қалды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Ол дәстүрлі қазақ киімінен шабыт алған жасыл киіммен шықты.
Алайда көрермендерді оның пішімі таңғалдырды: көйлек орнына — боди, ал арт жағында ұзын етек бекітілген.
Пікірлер бөлімінде қызу талқылау басталды — біреулер оның стиліне тәнті болса, енді біреулер дәстүрге құрметсіздік танытты деп сынға алды.
Қаз
Рус






