Газ құбырына соғылған көліктен өрт шықты
1 516
Түркістан облысы Төлеби ауданы Абдулабад ауылында көлік газ құбырына соғылып, өртеніп кетті, деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.
Оқиға 17- ші қаңтарда таңғы уақытта болған.
Автокөлік газ құбырына соғылған. Зардап шеккендер жоқ, өрт тез арада жойылды,- дейді компанияда.
Оқиғаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оқшаулау мақсатында апатты-диспетчерлік қызмет мамандары "Зератас" МТҚ-дан газды жедел ажыратты. Тұтынушыларды газбен жабдықтау штаттық режимде жүзеге асырылады, абоненттер газға қосылады.
"Халықтың қауіпсіздігі мен газбен жабдықтаудың тұрақтылығы біз үшін маңызды. Жағдай тұрақты бақылауда, барлық қажетті техникалық іс-шаралар аяқталғаннан кейін нысан толық жарамды күйге келтіріледі",-дейді "QazaqGaz Aimaq" АҚ жергілікті өндірістік филиалында.
Біз тұрғындарды сақтық шараларын сақтауға және газ құбырларын қорғау аймақтарындағы тәртіп ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз,- дейді компанияда.







