Террорлық ұйымдардың қатарында болған екі қазақстандық сотталды

1 365

Фото: istockphoto.comҰлттық қауіпсіздік комитеті тергеп-тексерген Қазақстанның 2 азаматына қатысты қылмыстық істер бойынша сот процестері аяқталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ақпаратқа сәйкес, олар 2020-2022 жылдары Сириядағы террорлық ұйымдардың қатарында болған. Шетелдік әріптестермен бірлесе жүргізілген операциялардың нәтижесінде олар шетелде табылып, елге жеткізілген әрі қамауға алынған.


Олардың біреуі – Түркістан облысының тұрғыны, ол террористік топтың әрекетіне қатысқаны үшін кінәлі деп танылған (ҚК 257 бабы). Екіншісі – Атырау тұрғыны, осындай қылмысты жасағаны, сондай-ақ шетелде террорлық дайындықтан өткені үшін сотталған (ҚК 260 бабы), – делнген ҰҚК хабарламасында.

Екі фигурантқа да әртүрлі жаза өтеу мерзімі тағайындалып, үкімдер заңды күшіне енді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.