Газ құбырына соғылған көліктен өрт шықты

1 518

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Stan.kzТүркістан облысы Төлеби ауданы Абдулабад ауылында көлік газ құбырына соғылып, өртеніп кетті, деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.

Оқиға 17- ші қаңтарда таңғы уақытта болған.

Автокөлік газ құбырына соғылған. Зардап шеккендер жоқ, өрт тез арада жойылды,- дейді компанияда.

Оқиғаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оқшаулау мақсатында апатты-диспетчерлік қызмет мамандары "Зератас" МТҚ-дан газды жедел ажыратты. Тұтынушыларды газбен жабдықтау штаттық режимде жүзеге асырылады, абоненттер газға қосылады.

"Халықтың қауіпсіздігі мен газбен жабдықтаудың тұрақтылығы біз үшін маңызды. Жағдай тұрақты бақылауда, барлық қажетті техникалық іс-шаралар аяқталғаннан кейін нысан толық жарамды күйге келтіріледі",-дейді "QazaqGaz Aimaq" АҚ жергілікті өндірістік филиалында.

Біз тұрғындарды сақтық шараларын сақтауға және газ құбырларын қорғау аймақтарындағы тәртіп ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз,- дейді компанияда.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.