Әкімдіктің қызметкері 4,3 млрд теңгені негізсіз жұмсамақ болған

1 524

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Әкімдіктердің кінәлі лауазымды тұлғалары әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары бюджет қаражатының жұмсалуына талдау жүргізу барысында мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы жүйелі бұзу фактілерін анықтады. Әкімдіктің лауазымды тұлғалары 4,3 млрд теңгені негізсіз жұмсамақ болған.

СҚО прокуратурасының ақпаратынша, қалалық құрылыс бөлімінің лауазымды тұлғалары "Мемлекеттік сатып алу және сәулет, қала құрылысы саласы туралы" заңдардың талаптарын бұза отыра, сомасы 2,5 млрд теңгеге көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы бойынша мемлекеттік сатып алуды жер учаскесіне құқықты анықтайтын құжаттарсыз жүргізген.

Бұдан бөлек облыс әкімдігінің лауазымды тұлғалары Бюджеттік кодекстің талаптарына қарамастан ешқандай негізсіз ғимарат сатып алу үшін 1,1 млрд теңге бөлген. Осыдан кейін "Мемлекеттік сатып алу туралы" заңның талаптарын бұза отыра, осы бюджет қаражатына әлеуетті жеткізушілер үшін негізсіз шектеулермен ашық конкурс арқылы сатып алу жүргізген.

"Қадағалау органының актілері бойынша жоғарыда аталған сатып алудың күші жойылды. Жергілікті атқарушы органдардың кінәлі лауазымды тұлғалары әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - делінген хабарламада.


Прокуратура ақпаратынша, осы салада жыл басынан бері қадағалау органының актілері бойынша жергілікті атқарушы органдардың 59 лауазымды тұлғасы әртүрлі жауапқа тартылды, 19 мемлекеттік сатып алу бұзылды, нәтижесінде 4,3 млрд теңге бюджет қаржысын негізсіз жұмсауға жол берілмеді.



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.