«Дәрігерлерге демалыссыз жұмыс істеткен лауазым иелері жазаланды»
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Талдықорғанда прокуратура тексерісінен кейін 700-ден астам медицина қызметкерінің еңбек құқығы қалпына келтірілді, лауазымды тұлғалар заң алдында жауап берді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Жетісу облысының прокуратурасы денсаулық сақтау саласындағы еңбек заңнамасының сақталуын тексеру барысында «Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасында» өрескел заң бұзушылықтарды анықтаған. Талдау нәтижесі көрсеткендей, аурухана басшылығы қызметкерлерді қауіпті әрі ұзақ уақыт жұмыс істеуге мәжбүрлеген.
Жұмысқа төлем біркелкі ставка бойынша төленген, ал Еңбек кодексінің 108-бабына сәйкес кемінде 1,5 есе үстеме ақы төленуі тиіс болған.
Қаз
Рус






