Әлем аруы байқауына Қазақстан атынан шыққан арудың киімі қызу талқыға түсті

1 535

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: видеодан скриншотMiss Grand International байқауына Қазақстанның атынан қатысқан қатысушы қыздың сахнаға киіп шыққан образы жұрттың сынына қалды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ол дәстүрлі қазақ киімінен шабыт алған жасыл киіммен шықты. 

Алайда көрермендерді оның пішімі таңғалдырды: көйлек орнына — боди, ал арт жағында ұзын етек бекітілген.

Пікірлер бөлімінде қызу талқылау басталды — біреулер оның стиліне тәнті болса, енді біреулер дәстүрге құрметсіздік танытты деп сынға алды.

"Мынау не масқара? Қазақтың ұлттық киімі емес бұл!", "Ұлттық нақыштағы киімдерге тым ұят ,ия қазір замануи ,бірақ дизайнер еліміздің атынан қатысқан қызға дұрыс киім таңдау керек еді", "Мынау не купальник пе?", "Бұтына бірдеңе ойластыруға басы жетпей қалғанба дизайнердің", "О сорлаған неме қазақ бұтын ашып жүретін бе еді", "Ұлттық киімді ғана емес, Қазақтың жалпы ұлттығын қорлап тұр", - деп жазды. 


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.