Қызылордада 2 жасар сәби алтын білезік пен сырға жұтып қойған

269

Қызылордада екі жасар баланың асқазанынан алтын бұйымдар табылды, -  деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Баланың анасы зергерлік бұйымдарының жоғалғанын бірден байқамаған. Оларды үйден таппаған соң кішкентай ұлы оларды жұтып қойған болуы мүмкін деп күдіктенген. Күмәнді сейілту үшін әйел ауруханаға барған.


«Баланы эндоскоппен қарадық. Асқазанынан бөгде зат табылды. Ол – алтын бұйымдар. Біз оларды алып тастадық», – дейді облыстық көпсалалы балалар ауруханасының хирург-эндоскопист дәрігері Серік Нүсіпқожаев.


Дәрігерлердің айтуынша, әртүрлі ұсақ заттарды жұтқан балалардың ата-аналары ауруханаға жиі жүгінеді. Көбіне бұл – монеталар, тастар, магниттер немесе батареялар. Бірақ алтын зергерлік бұйымдарды жұтып қойған жағдай алғаш рет болып тұр.


«Келесі күні біз 7 жастағы баланың асқазанынан батарейка алып шықтық, ал екіншісінен магнит», – деді дәрігер.


Жыл басынан бері облыстық көпсалалы балалар ауруханасының дәрігерлері осындай 25-ке жуық ота жасаған. Дәрігерлер денеге бөгде заттың түсуінің белгілері суық тигендей болатынын ескертті. Балалар жөтеледі, құсады.


«Егер балада бұл белгілерді байқасаңыз, эндоскописке жүгінгеніңіз дұрыс», – деп қосты Серік Нүсіпқожаев.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.