ҚЫЗЫЛОРДАДА ЭЛЕКТРОНДЫ ТЕМЕКІ ҚОЛДАНАТЫН МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ СУРЕТІ ЖЕЛІДЕ ҚЫЗУ ТАЛҚЫҒА ТҮСТІ
Мектеп оқушылары сабақ ішінде электронды шылым шеккен, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.
Қоғамдық орындарда, көшеде, электронды темекімен жүрген балалардың легі тым көп. Ал, бүгін мектеп ішінде жаңа үлгідегі шылымды шеккен оқушылардың фотосын өргенде жағаңды ұстайсың. Кәмелет жасқа толмаған балалардың сынып ішінде жаңа «трендтегі» шылымды шегуі санаға сыйымсыз дүние.
Еліміздің Денсаулық сақтау министрі шылымды шегу бойынша соңғы бес жылда жүргізілген мониторингтік есебін жариялаған болатын. Оған сәйкес, бір реттік шылымды сатып алатын тұтынушылардың көбі 12 мен 16 жас аралығындағы балалар екен. Олардың қатарында қыздар да бар. Мұны статистикалық мәліметтерінсіз-ақ сыртта жүріп, өз көзіңізбен көре аласыз. Жер жерде қолдарына бір-бір түтікше ұстап алып, аппақ буын будақтатып жүрген жасөспірімдер. Кәдімгі шылымды алмастырып жүрген электронды темекі зиянын тигізбесе, пайдасын әкелмесі хақ. Мектеп жасындағы балалардың зиянды әрекетке әуес болып баратындығына мектеп мұғалімдердің көңіл бөлмегені ме? Мектеп ішінде ақ түтіні будақтатып отырған оқушыны аңғармау мүмкін емес.
Қазіргі уақытта мектеп қабырғасында күрделі мәселелердің бірі – оқушылардың электронды темекіге әуестігі болып тұр. Абыройдан айыратын алкоголь мен естен тандыратын есірткіден арыла алмай жүргенде ұрпақ санасын улайтын тағы бір тұйыққа тап болдық. Мерейімізді өсіре ме деп жүрген мектеп оқушыларының ендігі ермегі – электронды шылым. Бүгін әлем-желіге №261 Серәлі Лапин атындағы мектептің жоғары сынып оқушыларының сабақ үстінде электронды шылым шеккен фотосын тәуелсіз Журналист Үйтолған Жареке өзінің Facebook парақшасына жариялады.
«... Қызылорда қаласында сабақ үстінде вейп шегіп отырған фотолар жүр. Мектеп кабинеті екенін айыру қиын емес. Жақында мектепте бұзақылық болып, іс қозғалған. Білім Басқармасы тарапынан зерделеу жұмыстары жүрді. Бірақ ата-аналар соның бәрі әшейін көзбояушылық деп есептеп отыр. Себебі оқушы арасындағы төбелес те, бұзақылық та тыйылмаған.
“Менің балаларым 261 мектепте оқиды. Тәртіп өте нашар мектепте. Бұрынғыдай біздің кезіміздегідей білсін,үйренсін деп жүрген мұғалімді көрмейсің. Кеше мектепте сырттан адамдар келіп,сауалнама алыпты, Бірінші бір ағай келіп ескертті дейді мектептегі. Қазір сырттан адамдар келіп,сауалнама жазғызады . Мектепте жиі төбелес бола ма деген сұраққа жоқ,ешқашан деп жазыңдар, олар бөтен адамдар, біз өзіміз шешеміз деп ескертіпті.
Кілең раздевалкада төбелес, әлімжеттік тоқтаған жоқ. Сабақ үстінде одноразка шегу мектепте не сұмдық? Ұл да,қызда телефонда отыр. Мұның бәрі оқу процесіне кері әсерін тигізетіні анық. Мектеп қанша жасырып жапқанмен осындай оқиғалар әшкерелейді. Біздің баламыз оқуда озат, тәрбиесі үлгілі. Мынандай балалардан қорқады, тіпті мұғалімдер қорқып, бағындыра алмайды екен. Мектеп баламыз үшін қауіпті болғаны алаңдатады,-“ депті ата-аналар.» - деген жазба қалдырған.
Естеріңізге сала кетсек, «Қызылордада мектеп оқушылары жаға жартысты» атты мақаламызда №261 мектептің 10-сынып оқушысы 9- сынып оқушыларына әлімжеттік танытып, соққыға жыққандығы айтылған. Алайда Облыстық Білім Басқармасының басшысы Асқарбек Есжанов мырза мектеп басшылығына сөгіс жариялағанын атап өтті. Жасыратыны жоқ, сала басшысы өз сөзінде «1 мектеп директорының орынынан 500 баланың өмірі артық» деген болатын. Буллингке ұшыраған білім ордасында жалған статистикаға жұмыс жасайды деген ата-ананың жан айқайы орынды. Тіпті білім саласындағы кемшілікті директорлар статистикаға кері әсерін бермес үшін әдейі жасырып, «өзара» шешіп жүрген мектеп басшылығы бар екенін де жасырмады. Әрине ауруын жасырған аңдамай өледінің кейіпін киген біздің қоғам жат қылықтан арыла ма?
Ал, Қызылорда қалалық Білім бөлімі көтерілген мәселені зерделеу үстінде екенін ресми мәлімдеді.
"Мәселе назарға алынды. Көтеріліп отырған мәселе бойынша зерделеу жұмыстары жүретін болады." ,- деді Білім бөлімі.
Сабақ үстінде қалың ұйқыға кеткен оқушы да, түтіні будақтаған электронды темекісін шегіп отырған мектеп оқушыларына да сабақ барысында мұғалімнің әй демеуіне не себеп? Оқушыларымыз үйде емес түзде шылымын шексе, ал мұғалімдеріміз түңгі клубта трансвиститтермен бас қосуда болса білім мен тәрбие егіз ұғым деуіміз бекер емес пе? Білім саласының облыстық байқауларда бой көрсетпеуі де осы кемшіліктердің салдарынан болуы бек мүмкін. Болашағымыз кемел болуы үшін қателікті мойындауда ерлік.