Мектеп директорлары көз жұмған апаттан аман қалған екі адамға қатысты дерек шықты.

509

Фото: pixabay.comАқтөбе облысында көлік апатынан аман қалған екі мектеп директорын облыстық ауруханаға жеткізуі мүмкін. Басынан жарақат алып сүйектері сынған оларды дәрігерлер тексерген соң ғана тасымалға қатысты шешім қабылдайтын болды.19 маусым күні Ақтөбедегі төрт мектептің басшысы мінген көлік аударылып екі адам қаза тапқан еді. Олар Ойылдан облыс орталығына қайтып келе жатқан. Телеарнаның мәліметінше, Ақтөбедегі №20 мектеп пен №33 мектептің кіреберісіне қаралы бұрыш ұйымдастырылған. Көлік апатынан қаза тапқан қос білім ошағы басшысының суреті тұрған тұсқа әріптестері мен оқушылар гүл шоғын қойып жатыр. Бағдат Орынбаева мен Альмира Орақованың демалыс күні Ойылға кетіп қайта оралмағанына жақындары сенер емес. 22 маусымда ұстаздарды ақтық сапарға шығарып салады. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.