Мектеп оқушысы хайп жасау үшін қарт кісіні соққыға жыққан
Алматыда жас жігіт видео түсіру үшін егде жастағы ер адамды ұрып құлатты, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желіде тараған видеода спорттық киім киген жасөспірім "Че там?" деген сөзбен ер адамның алдынан шығады. Осы кезде жасөспірім ер адамды шықшыттан бір ұрады. Жәбірленуші айналып кеткенде тағы екі соққы жасайды. Ал ер адам жерге құлап түседі.
Алматы қалалық полиция депаратменті бұзақыны тапты. Ол 2007 жылы туған "Ж" есімді мектеп оқушысы болып шықты.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша тергеу шаралары басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды.
Айта кетері, осы қылмыс үшін 2 000 айлық есептiк көрсеткiшке (6 900 000 теңге) дейiнгi мөлшерде айыппұл не сол мөлшерде түзеу жүмыстары немесе алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстар, я болмаса, екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.