Атырауда әйел құрбысының сейфінен 54 млн теңге ұрлап кетті

312
Атырауда әйел құрбысының сейфінен 54 миллион теңге ұрлап кетті, – деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі  Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Бір аптаға жуық уақыт бойы үйінде болмай, басқа қалаға кетіп, ал келгенінде сейфтегі 54 миллион теңгесі ұрланғанын көрген 45 жастағы азаматша дереу полицияға хабарласқан. Ұры сейфтен 54 млн. теңгені алып, 2 млн. теңгені сейфте қалдырған.

Полицейлер барлық бейнекамераларды тексерсе де, ұрлыққа қатысты дәйек таппады. Алайда оқиғаға дейін пәтерге келіп, қонақ болып жүргендер арасында жәбірленушінің 42 жастағы құрбысы күдік ұялатқан.

Тергеп-тексеру амалдары барысында күдіктінің қомақты қаражатпен Алматы қаласына кеткендігі анықталды. Полиция қызметкерлері ұстау барысында әйелден 36 миллион теңге тәркіледі. Күдікті өз кінәсін толықтай мойындады.

Атыраулық полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 4-бөлігі бойынша тергеу амалдарын жүргізіп, іс-құжаттарын сотқа жолдады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.