Курсант кәмелетке толмаған баланы зорлады деген күдікке ілінді

1 269

Фото:ortcom.kzАзаматтық қорғаныс академиясының курсанты кәмелетке толмаған баланы зорлады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Алматы телеарнасына сілтеме жасап.

Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, барлығы Көкшетауда жалдамалы пәтерде болған.Болашақ құтқарушыларды дайындайтын академияның баспасөз қызметінің өзі жағдайға ауызша ғана түсініктеме берді. 

Олар курсанттың жасаған құқық бұзушылық туралы арызы полицияға 1 қыркүйекте түскенін хабарлады. Аталған факті бойынша құзырлы органдармен қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауда отыр.

"Кәмелетке толмаған баланы зорлау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті анықталып, ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жарияланбайды", – деп Ақмола облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.