Оқушылардың ұрып-соғылғанын жасырған директор жауапқа тартылды

1 603

Фото: El.kzАтырауда прокурорлар балаларға қатысты құқықбұзушылық деректерін анықтады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Прокурорлардың мәліметінше, мектептерде кәмелетке толмағандарға тиіскен және денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіргені үшін бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған 3 адам жұмысқа орналастырылған.

Сонымен қатар, жоғары сынып оқушыларының ұрып-соғу деректерін және басқа да құқыққа қарсы іс-қимылдарды жасырғаны үшін ӘҚБтК-нің 127-1-бабы бойынша 5 мектеп директоры әкімшілік жауаптылыққа тартылды (кәмелетке толмағандар жасаған құқыққа қарсы іс-әрекеттер туралы хабарламау).


16 мемлекеттік және 1 жекеменшік мектепте тыйым салынған интернет-контентке еркін қол жеткізу деректері анықталды. Қазір осы сайттарға шектеу енгізіліп, кінәлілер ӘҚБтК 409-бабының 7-2-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды (білім беру ұйымдарының Интернет желісіне білім алушылардың қолжеткізуін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтамауы).


Барлығы 129 мемлекеттік және 11 жекеменшік мектеп тексерумен қамтылып, нәтижелері бойынша заңдылықты бұзушылықтарды жою туралы 91 ұсыныс енгізілді, 108 заңды және 55 лауазымды тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылды, 1 адам жалған дипломды пайдаланғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды, осыған ұқсас деректер бойынша тағы 2 соталды тергеп-тексеру басталды, 353 миллион теңге сомасына негізсіз жоспарланған мемлекеттік сатып алу тоқтатылды.

Осы бағыттағы тексерулер жалғасып жатыр. Прокурорлар кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауға бағытталды.





OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.