Енді қазақстандықтар үй алу үшін кез келген банкке ақша жинай алады
Қазақстандықтар тұрғын үй алу үшін ақшаны енді "Отбасы банкінен" басқа банктерде де жинауына болады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәлімдеуінше, бүгінде мемлекеттік органдар мен банктер бірлесе отырып түзетулер әзірленді. Бұл өзгерістер жұмыс істеп тұрған коммерциялық банктерде тұрғын үй және құрылыс жинақтары үшін шот ашуға мүмкіндік береді.
Ведомствоның мәліметінше, қажет рәсімдер аяқталғаннан кейін түзетулер заңнамада белгіленген тәртіппен қабылданады.
Қаз
Рус






