Әкімдерге халықтың проблемасын шешу үшін жасанды интеллект көмектеседі

1 390

Фото: istockphoto.comЕнді өңір әкімдері әлеуметтік проблемаларды шешу үшін жасанды интеллектің көмегіне жүгінеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Цифрлық Үкіметтің кеңсесінде «Отбасының цифрлық картасы» таныстырылды.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиевтің айтуынша, бұл жүйе елдегі 6 миллионнан астам отбасыны цифрландырған.

«Бұл жерге азаматтар өтініш беретін е-Өтініш жүйесінің деректерін және әкімдіктер пайдаланатын ақпаратты қосып, жасанды интеллекті қолдана отырып, көптеген мәлімет пен ұсыныстар алдық, сонымен қатар осы жүйе облыстағы кез келген ауданның басты проблемаларын анықтауға мүмкіндік береді», - деді Мәдиев.

Премьер-министр Олжас Бектенов жасанды интеллектінің ұсыныстарын автоматты түрде апта сайын өңір әкімдеріне жіберіп отыруды тапсырды.

«Әрбір әкім жұмыс орнында осы ақпаратты ашып, қай жерде қандай проблема бар екенін көріп отыруы керек. Осылайша жасанды интеллектінің пайдасын көреміз. Әрине, бұған өзіміз де талдау жасауға болар еді, бірақ оған қаншама уақыт пен ресурс қажет. Ал жасанды интеллект бұл процесті тездетеді. Осы жұмысты жалғастыру керек», - деді Бектенов.

Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев өзекті ақпарат әрбір әкімнің электронды поштасына жолданатынын айтты.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.