«АрселорМиттал Теміртауда» тағы 1 адам қаза тапты

135
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына қатысты қатаң шешімдер қабылданып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Қайырбек Өскенбаев Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бірнеше комиссия құрылып, оларда түрлі министрліктерден 70-тен астам маман жұмыс істеп жатқанын айтты.

«АрселорМиттал Теміртау» басшыларына қатысты қатаң шешімдер қабылданып жатыр, оны жақын арада біле аласыздар. Тіпті «АрселорМиттал Теміртау» Қазақстанда жұмыс істей ме, жоқ па деген сұрақ көтеріліп жатыр», - деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев. 

Желтоқсанның 8-і күні «АрселорМиттал Теміртауда» тағы бір жұмысшы қаза тапты.