Үйін қарасора өсіретін фитозертханаға айналдырған тұрғын ұсталды
Қостанайда полицейлер қарасора өсіретін фитозертхананы анықтады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының мәліметінше, тінту кезінде полицейлер екі бөлмелі пәтерден салмағы 12,5 келі болатын қарасора бұталарын тәркілеген. Мұнда жарық және диодты шамдар, термометрлер, желдеткіштер, ылғалдылықты өлшеу құралдары сынды арнайы жабдықтар болғаны анықталды. Полиция қызметкерлері екі ер адамды ұстады.
Адамдардың өзге де қылмыс жасауға қатысы бар-жоғы тексерілетін болады. Қарасора өсіргені үшін үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі ең жоғары қылмыстық жаза қарастырылатынын еске сала кеткен жөн.