Әйел мас күйеуінің ашуынан қорқып, оны пышақтап тастаған
Ақтөбе облысында әйел мас күйеуінің ашуынан қорқып, оны пышақтап тастаған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Диапазон басылымына сілтеме жасап.
Ақтөбе облысы Алға ауданы Тамды ауылында 47 жастағы ауыл тұрғыны күйеуінің кеуде тұсына бірнеше рет пышақ сұғып өлтірген. Оқиға болған күні кешке ол күйеуімен шарап ішіп, кешкі ас әзірлеп, кенже ұлын ұйықтатқанын айтты.
Ол күйеуіне неше рет пышақ салғанын білмейді. Бәрі ашу үстінде кенет болды дейді.
Сотталушы күйеуінің ашушаң, агрессивті болғанын, жиі ішімдік ішіп, жанжал шығаратынын, тіпті күш көрсетіп, қорқытқанын айтты. Әйел оның ашуын одан әрі тудырмас үшін полицияға жүгінбепті.
Марқұмның әпкесі сотта келіні туралы жаман ештеңе айта алмайтынын, оның бұл әрекетін түсінетінін айтты. Келінін шартты түрде соттауды сұраған.
Сот күйеуін өлтірген әйелді 8 жылға бас бостандығынан айырды. Олардың ортақ ұлын әжесі қамқорлыққа алды.