Елімізде семіздікке шалдыққан балалар саны күрт көбейген

1 369

Фото: istockphoto.comЕлімізде семіздік дертіне шалдыққан балалар саны күрт артқан, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, 2018 және 2022 жылдар аралығында артық салмақ жинаған оқушылардың саны 1,6 есеге көбейген.

Ұл-қыздардың 70 пайызы гиподинамия, яғни қимыл-қозғалыстың төмендеуінен туындайтын ауруға шалдыққан. Мұндай балалар жарақат көп алады екен. Ал бастауыш сынып оқушыларының арасында ұмытшақтық, көз және жүйке жүйесінің аурулары жиі тіркеледі.

Қан қысымы көтерілетін балалар да көбейген. Бұл аурулар дұрыс тамақтанбау және спортпен шұғылданбаудың кесірінен туындайды дейді мамандар.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.