Шиелі ауданы үздіктер қатарында

1 545

Фото: Шиелі ауданының әкімдігіСырдария ауданында өткен «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі – ауылды дамытудың негізі» республикалық семинары барысында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Үлгілі елді мекен» байқауының жеңімпаздарын марапаттады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Іс-шараға Сыр өңіріне арнайы келген ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, Парламент Сенатының, Мәжілісінің депутаттары, ведомство басшылары, барлық облыс әкімінің орынбасарлары, ауыл шаруашылығы басқармаларының басшылары және ірі шаруашылық құрылымдарының төрағалары қатысты.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023 – 2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы» Жарлығына сәйкес аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың қолдауымен II рет өткізілген облыстық «Үлгілі елді мекен» конкурсының нәтижесімен «Үлгілі аудан» номинациясы бойынша Шиелі кенті жүлделі ІI орынды иеленді.


Сондай-ақ, «Үлгілі елді мекен» номинациясы бойынша Шиелі ауданы Ортақшыл ауылына 15,0 млн.теңге қаржылай қолдау көрсетілетін болады.


 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.