Депутат әскердегі сарбаздарға жылқының сүті мен етін беруді ұсынды

1 537

Фото: t.me/mazhilis_kzБұл туралы Парламент Мәжілісінде мал шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу тақырыбына арналған Үкімет сағатында депутат Аманжол Әлтай айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


"Жылқы сүтін тереңдетіп өңдеу арқылы қазақ халқының ұлттық брендіне айналдыру мүмкіндігіміз бар. Жылқы сүтін өңдейтін зауыттар салу жоспарда бар ма? Сүт өңдейтін зауытты жылқы көп шоғырланған Ұлытау, Абай облысы секілді өңірлерде ашқан жөн болады. Бие сүтінің Германияда, Францияда, Қытай елдерінде сұранысы жоғары. Қорғаныс министрлігі сарбаздарымызды бие сүтімен және жылқы еті өнімдерімен тамақтандыру мәселесіне басқа министрлікпен бірлесе мән бергені абзал", - деді А. Әлтай.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.