Бейімдеу орталығынан тәрбиеленуші 3 рет қашып кеткен
Бір тәрбиеленуші үш рет қашып кеткен. Оның екеуінде жалғыз өзі кетсе, үшінші жағдайда өзінің қарындасын және тағы екі қыз баламен бірге кетіп қалған, деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Осы деректерді негізге алған Атырау қалалық прокуратурасы білім беру басқармасына қарасты орталықтың қызметіне қызметтік тексеріс жүргізіп, директордың жауаптылығын қарастыру туралы хат жолданған. Құқық қорғау органы мекеме басшысына “қатаң сөгіс” түріндегі тәртіптік жаза қолданылғанын мәлімдеген.
Атырау облысы прокуратурасының берген ресми ақпаратына сүйенсек, қала прокуратурасы уәкілетті органдардың мамандарын жұмылдыра отырып, прокурорлық тексеріс тағайындау жоспарлануда.
Облыстық білім беру басқармасының жоспарында кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жаңа ғимарат салу бар. Жаңа нысан салу үшін Жұлдыз-2 ықшам ауданынан 2,9 гектар жер қаралған. Қазір бастаманың жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталып, мемлекеттік сараптамадан өтуде. Атырау облысы білім беру басқармасының басшысы Марат Әбуовтың айтуынша, нысан барлық заманауи талапқа сай жабдықталады.







